Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz - «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма мүшесі Алмас Айтпаев Қазақстанның барлық жолаушылар пойызында Wi-Fi қызметін қолжетімді ету мәселесіне қатысты пікір білдірді.
«Қазіргі уақытта «Тұлпар-Тальгоның» бірнеше пойызында, атап айтқанда Алматы-Петропавл және Алматы-Астана бағыттарына Wi-Fi қызметі енгізілді. 2020-2022 жылдары өзге бағыттарға да енгізіледі», - деді Алмас Айтпаев Астанада өткен брифингте.
Сонымен бірге, А. Айтпаев барлық пойыздарды Wi-fi қызметімен қамту мәселесіне тоқталды.
«2020-2022 жылдарға дейін Қазақстан темір жолы барлық темір жол желісіне Wi-Fi жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, сонда барлық пойыздарда Wi-Fi қолжетімді болады», - деді ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024