Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz - Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі тарифтері артып келеді. Осылайша, 2018 жылдың ақпан айында Қазақстанда ыстық су бір айда 1,6 пайызға және бір жылда 9,3 пайызға, 240,9 теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Ranking.kz.
Қазақстан Республикасының ірі қалалары мен мегаполистерінің арасында ең қымбат ыстық судың бағасы Алматы қаласында болды (515,7 теңге/м3).
Ақпан айының қорытындысы бойынша, суық су айына 1,3 пайыз, ал жылына 3,3 пайызға, яғни, 1 текше метр үшін 72,3 теңгеге дейін қымбаттады. Бұл қызмет түрі үшін ең қымбат бағаны Атырау облысының тұрғындары (113,5 теңге) төледі.
Ал, кәріз жүйесі қызметтерінің бағасы бір айда 1,4 пайыз және бір жылда 2,5 пайызға, 47,1 теңгеге дейін көтерілді. Бұл қызметтің ең жоғарғы бағасы Қарағандыда тіркелді (96,4 теңге).
Бағаның өсуі алдағы уақытта да күтіледі. 1 сәуірден бастап Қостанай облысында судың жаңа тарифтері жұмыс істей бастайды. Тұрғындар үшін төлем 11 пайызға, заңды тұлғалар үшін 26 пайызға өседі.
«Қостанай су» компаниясын ұлғайтудың басты себебі электр қуаты құнының өсуі. Сонымен қатар, 2018 жылы жаңа технологияны қолдану арқылы суды дезинфекциялау үшін дезинфекциялық қондырғыны жөндеу және салу жоспарланып отыр.
2018 жылдың наурыз айынан бастап жеке есеп-қисап құрылғылары жоқ Астана қаласының жеке секторының тұрғындары үшін судың бағасы екі есе артады. Бұл ретте тарифтер өзгермейді: «Астана су арнасы» суды тұтынудың жаңа нормаларын енгізеді, оған сәйкес бағаның өсуі шамамен 100 пайызды құрайды. Бағаның қымбаттауы тек қана жеке үйлерге, яғни Қараөткел, Энергетик, Оңтүстік-шығыс, Көктал, Чубары секілді аудандарда, 15 мыңға жуық абонентке ғана қатысты.
Сондай-ақ, сумен жабдықтау және су тартуға қатысты бағаның өзгеруі Қазақстанның 12 аймағында жүргізіледі: Астана, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, БҚО, ШҚО, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы (Жезқазған қаласы), Павлодар, СҚО және ОҚО.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024