Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - 2 сәуір күні компания басшысы Илон Масктың әзілі мен кісі өліміне себепші болған жол-көлік оқиғасынан кейін Tesla акциялары 5 пайызға арзандады, деп хабарлайды korrespondent.net.
Дүйсенбідегі Нью-Йорк қаржы биржасының нәтижесі бойынша Tesla компаниясының акциялары 5,1 пайызға арзандады. Бір данасының құны – 252 доллар.
Акциялардың арзандауына компаниямен байланысты оқиғалар себепші. Естеріңізге сала кетсек, 23 наурыз күні Tesla Model X автопилот режимінде апатқа түсті. Оқыс оқиғадан автокөлік өртеніп, ауыр жарақат салдарынан жүргізуші қайтыс болды.
25 наурыз күні компания S моделіндегі 123 мың седан рөлінің гидрокүшейіткішінде ақау барын хабарлады. Кейін халықаралық Moody's агенттігі Tesla рейтингін төмендетті.
Жалпы, Tesla-ның капитализациясы 15 млрд долларды құрайды.