Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңгенің нарықтық бағамы 0,6 пайызға нығайды

Теңгенің нарықтық бағамы 0,6 пайызға нығайды

Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - 30 наурыздағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,6 пайызға (320,34-тен) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 318,31 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 23 наурыздан 30 наурыз аралығындағы маңызды оқиғалар АҚШ-тың ішкі жалпы өнімінің және тұтыну шығыстарының өсуі жөніндегі экономикалық деректерді жария ету, ФРЖ өкілдерінің монетарлық саясатқа және экономикалық өсуге қатысты түсініктемелері, АҚШ саясатында шығыс елдеріне қатысты қолдаушылық саясатының шараларын ұлғайту болды. Осы факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ долларының біршама нығаюына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка рэнді Оңтүстік Африка Республикасының Резервтік банкі базалық мөлшерлемені 0,25 пайызға төмендету туралы шешімінің аясында 0,8 пайызға (11,75-тен 11,84-ке дейін) әлсіреді.
  • Үндістан рупиясы 0,3 пайызға (65,01-ден 65,18-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі Ресей мен Батыс арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың шиеленісуі аясында 0,1 пайызға (57,30-дан 57,34-ке дейін) әлсіреді. Валюта бағамының одан әрі әлсіреуіне мұнай бағасының жоғары болуы және салық төлемдері кедергі жасады.
  • Бразилия реалы бір апта ішінде бір АҚШ доллары үшін 3,31 реал деңгейінде айтарлықтай өзгеріссіз саудаланды;
  • Индонезия рупиясы 0,4 пайызға (13 782-ден 13 728-ге дейін) нығайды.
  • Түрік лирасы 0,5 пайызға (3,98-ден 3,96-ға дейін) нығайды;
  • Мексика песосы Еркін сауда-саттық туралы Солтүстік Атлантика келісімін (НАФТА) қайта қарау бойынша таяу болашақта келісімге қол жеткізу туралы АҚШ-тың сауда өкілі Роберт Лайтхайзердің мәлімдемесі аясында 1,9 пайызға (18,53-тен 18,18-ге дейін) нығайды.

Похожие материалы