Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Alibaba мен Ford Қытайда автокөлік беретін сауда автоматын орнатты

Alibaba мен Ford Қытайда автокөлік беретін сауда автоматын орнатты

Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - 2017 жылы қытайлық Alibaba және Ford электрондық коммерция компаниялары бірігіп, жаңа технологиялық жобалар бойынша ынтымақтасуға келісті. 2018 жылдың наурыз айында компания Super Test-Drive Center орталығында Гуанчжоу тұрғындарына тест-драйв автокөліктерін ұсынды.

Тест-драйв өткізетін күнді алдын ала белгілеу үшін, пайдаланушылар Tmall қосымшасында автокөліктің үлгісін таңдап, депозитті төлейді. Содан кейін Тест-драйв орталығында пайдаланушыны автоматты түрде тану үшін селфи жасалады. Super Test-Drive Center вендингтік автомат принципі бойынша әрекет етеді. Сондай-ақ, сәйкестендіруді тексеру рәсімі өткеннен кейін пайдаланушыларға автокөлік беріледі. Alibaba-ның  айтуынша, он минут ішінде қала тұрғындары автокөлікке ие болады.

Көлік үш күнге дейін қол жетімді болады. Содан кейін пайдаланушылар тест-драйвты қайта алу үшін жаңа күнді белгілейді немесе автокөлікті бірден сатып алады.

https://www.youtube.com/watch?v=NvJFluC3A5s&feature=youtu.be

Тест-драйвты тегін, не болмаса ақылы түрде алуға болады. Қытай үкіметі әлеуметтік рейтингі арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін бағалағаннан бері, 700 баллға ие клиенттерге тест-драйв тегін беріледі. Қалғандарына төлеуге тура келеді.

Autoblog басылымының мәліметі бойынша, бөлшек сауда компаниясы Қытай бойынша автомобиль сату пункттерін құруды жоспарлап отыр және сатып алушыларға автокөлікті 10 пайыз депозитпен сатып алуға мүмкіндік береді.

Похожие материалы