Астана. 27 сәуір. 7kun.kz - Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық кәсіпкерлерді өз елінде қайырымдылық жасауға шақырды. Бұл туралы президент Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясында айтты.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге әлеуметтік нысандар соғып, сол жерден адамдарға жұмыс беруді ұсынды және ҚХА көптеген қайырымды жандарды біріктіретінін атап өтті.
"Біз кіші отанымыз "Туған жер" жайында айтып жатырмыз ғой. Қазір Қазақстанда бақуатты адамдар аз емес. Ол жақсы да, біз сондай қоғам жасап жатырмыз. Байысын, сонымен қоса ел байысын, адамдар жұмысқа тұрсын", — деді Назарбаев.
Президенттің пікірінше, бақуатты азаматтар туған ауылдарына барып, мектеп, спорт кешенін, жолдар, монша, наубайхана соға алады.
"Біздің барша бизнесмендерге жүгінгім келеді: Үкімет, мемлекет сол ақшаны табу үшін жағдай жасады. Енді сол қаражаттан кішкене халықпен де бөлісіңіздер", — деп атап өтті президент.
Дереккөз: sputniknews.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024