Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Facebook Ресейдегі «трольдер фабрикасы» аккаунтын бұғаттады

Facebook Ресейдегі «трольдер фабрикасы» аккаунтын бұғаттады

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz - Facebook-тың негізін қалаушы Марк Цукерберг компания ресейлік интернет-зерттеу агенттігінің бақылауындағы «трольдер фабрикасы» деген атпен танымал жүздеген аккаунтты өшіріп тастағанын айтты, деп хабарлайды korrespondent.net.

«Біз бүгін ресейлік ұйым басқаратын «Internet Research Agency (IRA)» деп аталатын 270 парақ пен аккаунтты өшіріп, әлем бойынша әділ сайлау өтуі үшін маңызды қадам жасадық», - деп жазды Цукербург өзінің Facebook парақшасында.

Ол парақшалар мен аккаунттар контент үшін емес, IRA ұйымы басқаратын парақшалар мен аккаунттар болғаны үшін бұғатталғанын айтты. Сондай-ақ, ол агенттік әлем бойынша адамдарды бірнеше мәрте алдап-арбағанын, сол себепті оның әлеуметтік желіде болмағанын қалайтынын мәлімдеді.

Басылым хабарлағандай, Facebook ресейдің үгіт-насихатын таратуға қарсы жаңа ережелер енгізеді. Бұған дейін компания АҚШ-та президенттік сайлауалды жарыста ресейлік боттар сайлаудың нәтижесіне кері әсер ету үшін әлеуметтік жарнамаларды сатып алғанын мәлімдеген еді.

Дереккөз:Baq.kz

Похожие материалы