Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда отандық мессенджер пайда болады

Қазақстанда отандық мессенджер пайда болады

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz - Қазақстанда отандық жаңа мессенджер шығады. Әзірлеушілердің айтуынша, жаңа мессенджер «Қалайсың?» деп аталатын болады. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта портал пайдаланушылары мен бірқатар ұйымдарда сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлады Mail.kz.

«QALAISYŃ» мессенджерінің ерекшелігі серверден алшақ және смартфондар арасында шифрленген байланысты тікелей орнату арқылы пайдаланушылардың бір-бірімен әңгімелесуінде болып отыр. Сонымен қатар, өз хабарламаларын басқару, бейне және аудио хабарламалар жолдау қызметтері бар, сондай-ақ, электронды төлемдер қызметі де қарастырылған. Сұхбаттасушы адамды іздеу мүмкіндігі оның басты ерекшелігі болады.

Аталған мессенджер iOS, Android нұсқалары мен web-нұсқасы да болады.

Похожие материалы