Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - Инвестициялар және даму миниистрлігі жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі бойынша 44 жоба пысықталуда және іске асыру кезеңінде.
Оның айтуынша, «Үлкен Алматы айналма жолының (ҮАААЖ)» құрылысы бойынша консорциум дайындық жұмыстарына кірісті. 2018 жылы мамыр айында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады.
Министрлік айналма автомобиль жолының құрылысымен қатар, Алматы станциясын айналып өтетін ұзақтығы 74 шақырым теміржол желісі жобасының құрылысын салу дайындығын бастады. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін түзету жұмыстары аяқталды және мемлекеттік сараптама жүргізіліп жатыр.
«Бұнымен қатар конкурстық құжаттама әзірленіп жатыр. Инвесторды анықтайтын конкурсты өткізу биыл қараша айына жоспарланып отыр. Жалпы теміржол желісін салу құны 96,6 млрд теңге. Ұзақтығы – 74 шақырым. Жоба құрамына тораптық станцияларды салу және реконструкциялау, разъез бен желілердің құрылысы, оларға электр жүйесін тарту кіреді»,- деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Бұдан бөлек, министрлік МЖӘ механизмі бойынша «Алматы-Қорғас» автомобиль жолы учаскесінде (Батыс Еуропа – Батыс Қытай) «Нұр жолы» өткізу пунктін салу және пайдалану» жобасын, ұзақтығы 254 шақырым болатын «Оңтүстік Қазақстан облысында жүрдек автомобиль жолдарын салу және пайдалану» концессиялық жобасын, Әуе жүк тасымалы саласында қағазсыз құжат айналымның ақпараттық жүйесін енгізу және бейімдеу (e-Freight), әуе жолаушылары туралы мәліметтерді жинаудың автоматтандырылған жүйесін құру сияқты жобаларды іске асыруда.
Министрлік аймақтармен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесе отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын кезең-кезеңмен іске асыру моделін ұсынады. Қазіргі уақытта барлық аймақтарда Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің түрлі формаларын енгізу бойынша 33 пилоттық жоба іріктелді.
Сондай-ақ, министрлік өңірлермен бірлесіп энергияны үнемдеу саласында жалпы сомасы 9,7 млрд теңгенің 3 жобасын жүзеге асырады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024