Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азық-түлікке арналған орташа шығын 145,6 мың теңге болды

Азық-түлікке арналған орташа шығын 145,6 мың теңге болды

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz - 2017 жылдың соңғы тоқсанында тұрғындардың азық-түлікке арналған орташа шығыны 145,6 мың теңге болды. Бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға көп (132,5 мың теңге), деп хабарлайды Finprom.kz.

Шығындардың өсімі Жамбыл облысында тіркелді. Жамбылдықтар 92,6 мыңнан 111,4 мың теңгеге дейін (өсім - 20,4 пайыз) жұмсайды.

Ал ШҚО мен Қызылорда облысының тұрғындарының азық-түлікке бөлетін шығыны 14,5 пайыз және 14,1 пайызға ұлғайды. Қазақстан бойынша тек Маңғыстау облысында ғана тұрғындардың орташа шығыны қысқарды: минус 1,7 пайыз, 127,9 мыңнан 125,7 мың теңгеге дейін.

Алматы мен Астана тұрғындары өзге өңірлерге қарағанда көп ақша жұмсайды — 203,1 және 173 мың теңге. Қарағандылықтар мен ШҚО тұрғындары да шығыны көп аймақтарға жатады — 158,5 мың және 142,1 мың теңге.

Ал, ОҚО, Қызылорда және Жамбыл облысының азаматтары ең аз ақша жұмсайтын өңірлерге жатады. Бұл жақта 2017 жылдың соңғы тоқсанында 101,4 мыңнан 111,4 мың теңгеге дейін ақша жұмсалды.

Похожие материалы