Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда шикі мұнай мен табиғи газ өндіру 6,1 пайызға өсті, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығында өнеркәсіп өндірісінің индексі 5,3 пайызды құрады.
«Шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерін өндіру үш айда ұлғайып, азық-түлік, сусындар, мұнай өңдеу, резеңке және пластмасса өнімдері, химия, фармацевтика, металлургия және машина жасау өнімдерінің өндірісі өсті, ал көмір мен лигнит өндірісі төмендеп, темекі өнімдері мен басқа да көлік құралдарының өндірісі қысқарды», - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемінің артуы республиканың 13 өңірінде байқалды.
Атап айтқанда, газ конденсатын қоса алғанда, мұнай өндіру 22,4 млн тоннаға немесе 6,1 пайызға, мыс кені 23,2 млн тоннаға немесе 3,8 пайызға ұлғайды.
Бензин өндірісі 800 мың тоннаға немесе 2,6 пайызға, дизель отыны 1,1 млн тоннаға (97,1 пайыз), портландцемент 1,4 млн тоннаға, жазық болат 800 мың тоннаға, тазартылған мыс 1 мың тонна, электр энергиясы 29,5 млрд кВт / сағ артты.
Сондай-ақ, ұн өндіру 1,1 млн тоннаға (23,7 пайыз) артты.