Алматы. 31 қазан. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық банкі 2019 жылы қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады. Бас банктің төрағасы Данияр Ақышев осылай деді.
Банктердің тәуекелі жоғары саясат ахуалына жол бермеу мақсатында Қазақстанда 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуекелге бағдарланған тәсіл енгізіледі. Тиісті заң және қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Капиталдандыру деңгейіне және тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптар күшейетін болады, әсіресе тәуекелі жоғары саясатты жүргізетін банктер үшін.
«Банк секторын қалыпқа келтіру және реттеу мен қадағалауға жаңа тәсілдерді енгізу банктердің салымшылары үшін тәуекелдерді біршама азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балансты нашар кредиттерден тазарту және капиталдандырудың өсуі салдарынан банктер кредиттеуді жандандырды», - деп хабарлады Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.
Д. Ақышевтың айтуы бойынша, 9 айда берілген жаңа кредиттердің көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26%-ға немесе 2 трлн теңгеге ұлғайды. Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиясынан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алусыз, экономиканы кредиттеудің жылдық өсімі 7% немесе 816 млрд теңге болды. Кәсіпорындарға теңгемен берілетін кредиттер бойынша мөлшерлеме жыл басындағы 13,2%-дан 2018 жылғы қыркүйекте 12,2%-ға дейін төмендеді.
«Елден ақшаны әкетуге қарсы күреске бағытталған шаралар да күшейтіледі. Атап айтқанда, Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігі арасында валюталық бақылау мақсатында ақпараттық өзара әрекет етуді кеңейту жоспарланып отыр», - деп атап өтті ол.
Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы Ұлттық Банк үшін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ерекше басым салаларды кредиттеуді қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларын іске асыру негізгі басымдық болады деп хабарлады.
«Азаматтарды қолжетімді мөлшерлемелер мен мерзімдер бойынша қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін «7-20-25» бағдарламасын іске асыру жалғасады. Біздің бағалауымыз бойынша, банктердің 2019 жылы кредиттерінің өсуі 10%-дан астам болуы мүмкін», - деді Д. Ақышев сөзін қорытындылай келе.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024