Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылдың бірінші тоқсанында интернет-байланыс қызметтерінің көлемі 59,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,8%-ға артық (55,4 млрд теңге болды). Веб-қызметтерді пайдаланудың жыл сайынғы айтарлықтай өсімі Астанада байқалды. Қызмет көрсету көлемі 33,2%-ға артып, 12,6 млрд теңгеге дейін жетті. Бұл туралы finprom.kz жазды.
Сондай-ақ, өсу қарқыны ОҚО-нда 18,8 пайыз, 1,3 млрд теңгеге дейін, Қызылорда облысында 17,9 пайыз, 622,7 млн теңгеге дейін артты.
Сонымен бірге, интернет-байланысының негізгі тұтынушысы Алматы болып саналады. Мегополиске интернет-қызметтердің жалпы көлемінің жартысынан астамы тиесілі. Ол - 30,9 млрд теңге. Алайда, оңтүстік астанада қызмет көрсету көлемі 1,1%-ға төмендеді.
Интернетке қосылудың ұзақ мерзімді динамикасында тұрақты сұраныс бар. 2017 жылдың қорытындысы бойынша интернет-провайдерлердің қызметтері 228,6 млрд теңгеге жетті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға артық.
Оның ішінде 18,5 млрд теңге (жылына + 6,9 пайыз) ауылдық жерлерге тиесілі - бұл жалпы көлемнің тек 8,1%-ын құрайды.
Сондай-ақ, жыл сайын интернет-абоненттер саны да артып келеді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 2,6 млн болған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 11,9 пайыз артық. Сонымен қатар, 2018 жылдың үш айында абоненттер саны тағы да 1,6 %-ға артып, 2018 жылғы наурызда 2,64 млн-ға жетті.
Айта кетерлігі, 100 қазақстандық арасынан 14 адамның тіркелген интернет-байланысқа қол жетімдігі бар.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024