Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халықаралық резервтер 90,4 млрд долларға ұлғайды - Тимур Сүлейменов

Халықаралық резервтер 90,4 млрд долларға ұлғайды - Тимур Сүлейменов

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылдың 1 сәуірінде елдің халықаралық резервтері 1,5% немесе 90,4 млрд долларға дейін ұлғайды. Бұл жөнінде бүгінгі үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

«2018 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның экономикасында жағымды үрдістер сақталды. Есептік кезеңде ЖІӨ өсуі 4,1 пайызды құрады. 2017 жылғы сәйкес кезеңде 3,6 пайыз болған. Мұндай серпін өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және көрсетілетін қызметтер саласының өсуімен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, ЖІӨ ұлғаюына инвестициялардың жоғарғы өсімі және төмен инфляциялық процестер септігін тигізеді. Инфляция жыл басынан бері 1,8% құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы сәйкес кезеңнен 0,5% тармаққа төмен. Жылдық мәндегі инфляция 6,6% құрады», - деді министр. Сондай-ақ, Қазақстан өнеркәсіптерінде де өсу байқалып, бұл өсу көрсеткіші 5,3% құраған. Министрдің айтуынша, бұл ретте өңдеу өнеркәсібі озық қарқынды көрсетіп отыр. «2018 жылдың 1 сәуірінде елдің халықаралық резервтері 1,5% немесе 90,4 млрд долларға дейін ұлғайды. Алтын валюта резервтері 1,1% немесе 31,1 млрд долларға дейін, Ұлттық қор активтері 1,6% немесе 50,3 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Сонымен қатар, өнеркәсіпте де өсу байқалады. Мұндағы өсу 5,3% құраған және бұл ретте өңдеу өнеркәсібі озық қарқынды көрсетіп отыр», - деді Сүлейменов.
 

Похожие материалы