Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-ақпан аралығында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен (ЕАЭО) саудасы 2,6 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды LS.
Бұл көрсеткіш 2017 жылдың қаңтар-ақпан аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 6,1%-ға өсті.
Сонымен бірге, ЕАЭО елдеріне бағытталған қазақстандық тауарлар экспорты 839 АҚШ долларын құрады (7,9%-ға өсті), ал импорт 1,7 доллар болды (5,3%-ға өсті).
Қазақстанның одаққа мүше елдермен сыртқы сауда айналымы: Ресей 91,6%, Қырғызстан 4,5%, Беларусь 3,8%, Армения 0,1% құрайды.