Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz - Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері алдын ала деректер бойынша наурыздың соңында 31,1 млрд АҚШ долларын құрады. Жыл басынан бері өсу 1,1% болды. Бұл жөнінде бүгін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
«Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері наурыздың соңында 59,3 млрд АҚШ доллары болып бағаланды. Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бастап 1,5%-ға немесе 1,3 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 90,4 млрд АҚШ доллары болды», - деді Д. Ақышев.
Ол 2018 жылғы екі айда ақша массасы 3,9%-ға қысқарғанын қоса айтты. Оның құрылымындағы депозиттер көлемі 16,9 трлн теңгеге дейін 3,5%-ға азайды. Шетел валютасындағы салымдар 8,6%-ға қысқарды, теңгемен салымдар 1,1%-ға өсті. Нәтижесінде шетел валютасындағы салымдардың үлесі 45,2%-ға дейін төмендеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024