Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Екі жылда Қазақстанда 128 млрд теңгеге медициналық техника сатып алынды

Екі жылда Қазақстанда 128 млрд теңгеге медициналық техника сатып алынды

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz - 2016-2018 жылдар арасында Қазақстанда жалпы сомасы 128 млрд теңгеге медициналық техника сатып алынды. Бұл жөнінде бүгінгі өткен Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«Қазіргі кезде нормативке сәйкес медициналық техникамен жабдықтау Қазақстан Республикасы бойынша 65,2 пайызды құрайды. Сонымен қатар, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық техниканың тозуы 35%-дан асады. Осыған байланысты медициналық техниканы жаңартудың қажеттілігі жыл сайын 96 млрд теңге бөлінеді. 2016-2018 жылдар арасында Қазақстанда жалпы сомасы 128 млрд теңгеге медициналық техника сатып алынды. Жыл сайын жергілікті атқарушы органдар материалдық-техникалық жабдықтауға жалпы трансферттердің негізінде қаржы бөледі. Атап айтқанда, 2017 жылы 42,8 млрд теңге, ал 2018 жылы 40,2 млрд теңге бөлінген», - деді министр.

Біртановтың айтуынша, 2016-2018 жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен лизинг механизмдері арқылы медициналық техниканы сатып алу қарқыны ұлғайып келеді.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, медициналық техниканы пайдалану тиімділігін талдау мақсатында министрлік 2012-2016 жылдары аралығында сатып алынған техникаға тексеру жүргізді және құны 5 млн теңгеден жоғары медициналық техникаға аудит жасалды. Аудит қорытындылары бойынша заң бұзушылықтар анықталды. Ол, біріншіден, сатып алатын техника бағасының жоғары болуы, медициналық техниканың жұмыс істемей, тұрып қалуы, медициналық техникаға 3 жылдың міндетті техникалық сервис көрсетілмеуі және медициналық техникаларда өндіруші мемлекет туралы мәліметтің болмауы», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Похожие материалы