Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық экономика министрінің орынбасарлары тағайындалды

Ұлттық экономика министрінің орынбасарлары тағайындалды

Алматы. 27 сәуір. 7kun.kz - Бүгін Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ведомство ұжымына жаңа орынбасарларын таныстырды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ баспасөз хатшысы Самал Ибраева Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Оларды таныстыра келіп, Тимур Сүлейменов Мәдина Жүнісбекованың алдында мемлекеттік органдар мен жобалық басқарудағы стратегиялық жоспарлау мен талдау, әлеуметтік саясат және даму мәселесіне жетекшілік ету міндеті тұрғандығын баяндады. Өз кезегінде, Дана Жүнісованың алдында халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық, сауда және сыртқы сауда қызметі мәселесіне жетекшілік ету міндеті тұр», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жазбада министрдің жаңа орынбасарларының жинақтаған тәжірибесін, білімі мен кәсіби дағдысын қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін пайдаланатындығына сенім білдіргені айтылған.

«Жаңадан тағайындалған вице-министрлер Мәдина Жүнісбекова мен Дана Жүнісова басшылыққа сенімі үшін алғыс айтты және ел дамуы жолында алда жемісті жұмыс жасауға әзірлігін білдірді», - деп жазады ҰЭМ баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Мәдина Жүнісбекова Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі №218 қаулысымен Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. Ал, Дана Жүнісова Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі №219 қаулысымен Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

Похожие материалы