Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Toyota көлігін сатып алмақшы болған алматылықтар алаяқтыққа ұрынды

Toyota көлігін сатып алмақшы болған алматылықтар алаяқтыққа ұрынды

Алматы. 27 сәуір. 7kun.kz - Алматылықтар автосалондардың бірінде жаңа көлік үшін жиырма млн теңгеден астам ақша төлеп, көліксіз және ақшасыз қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Зардап шекендердің бірі Ақылбек Мұхаметченовтың айтуынша, Toyota Land Cruiser көлігін сатып алу үшін алдын ала 22 млн теңге төлем төлеген.

«Мен автосалонға досыммен бардым. Бізді менеджер қабылдап, келісім жасадық. Сосын ол бізге төлем жасау үшін есепшот берді. Алайда кассалық аппарат істемей қалды деп түсіндірді. Мен оған сендім, себебі бұл базар емес, салмақты мекеме деп ойладым. Мен 22 млн теңге көлемінде алдын ала төлем жасадым, тоғыз күннен кейін қоймаға көлігім келгенде келесіз, тағы сегіз млн теңге төлейсіз. Сосын көлігіңізді алып кетесіз деді. Тоғыз күннен кейін келдім, не көлік, не ақшам, не менеджер жоқ», - деді ол.

Мұхаметченов полицияға шағым түсірді.

Осы ретте, Алматы ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгінде ҚР ҚК 189 бабы 4 бөлімі 2 пункті (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) және ҚР ҚК 190 бабы 4 бөлімі 2 пункті (ірі көлемде алаяқтық жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Похожие материалы