Алматы. 28 сәуір. 7kun.kz - Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі Мемлекет басшысының 2018 жылдың наурызында жарияланған 5 әлеуметтік бастамасын талқылау болып отыр.
XXVI сессияға жалпы алғанда 1,5 мыңнан астам адам қатысады.
ҚХА-ның «Ортақ шаңырағымыздағы бейбітшілік пен келісім үшін» атты ең алғашқы сессиясы ұйымды құру бағытында болған және ол 1995 жылы ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, барлығы 25 сессия өткізіліп, олардың барлығында қоғам үшін маңызы зор мәселелер талқыланды.
2018 жылдың 1 тоқсанындағы жағдай бойынша, Қазақстанда 29 республикалық, 75 өңірлік және 530 жергілікті тіркелген этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Жалпы ел бойынша этномәдени бірлестіктердің саны - 1071.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024