Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанның цемент нарығы 2018 жылдың бірінші тоқсанында 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға өсті. Бұл туралы Лондон қор биржасында жарияланған Steppe Cement Ltd. есебінде айтылды, деп хабарлады LS.
Осы құрылыс өніміне деген республикалық сұранысты бағалау кезінде компания 2018 жылы 9,2 млн тоннаға дейін өсетіні болжанады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 9 млн тоннаны құрады.
Сонымен бірге, компанияның елдегі цемент нарығындағы үлесі 14 пайызды (2017 жылдың бірінші тоқсанында 10%) құрайды. Сондай-ақ, есепті кезеңде ұйым 2,3 млрд теңгеге 197,2 мың тонна цемент сатты (2017 жылдың бірінші тоқсанында 1,5 млрд теңгеге 124,7 мың тонна).
Ағымдағы тоқсанда қосымша құнсалығының (ҚҚС) есебінсіз құрылыс материалдарының орташа құны тоннасына 11,7 мың теңгені (2017 жылдың бірінші тоқсанында бір тонна үшін 12,2 мың теңге) құрады. 4%-ға төмендеуі сұраныстың артуымен байланысты.
Сарапшылардың пікірінше, 2017 жылы Қазақстанда құрылыс жұмыстарының өсуі байқалды. Бұл ипотекалық бағдарламалармен байланысты. Қазақстанның құрылыс нарығына жаңа ипотекалық бағдарламаның әсері ВТБ Банкінің басшысы Дмитрий Забелло тарапынан бағаланды. Оның пікірінше, бағдарлама көптеген салалардың дамуына тікелей әсер етеді.
Өз кезегінде, нарық «7-20-25» жаңа бастамасын күтуде. Сонымен бірге, Президент Нұрсұлтан Назарбаев әрбір қазақстандық азамат арзан тұрғын үй несиесін ала алады деп уәде берді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024