Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - Жалпы мемлекеттік қарыз, мемлекет кепілдігімен берілетін борыш және мемлекеттік кепілдіктер бойынша берешек шамамен 15 трлн теңгені құрады, деп хабарлады Finprom.kz.
2018 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының жиынтық мемлекеттік қарызы 14,8 трлн теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 20,9%-ға артық (12,3 трлн теңге).
Елдің жиынтық мемлекеттік қарызы мемлекеттік қарыздан тұрады - 14,3 трлн теңге (жыл сайынғы өсім 20,1%), мемлекет кепілдік берген қарыз - 428,5 млрд теңге (59,4% өсім), мемлекеттік кепілдіктер бойынша - 37, 8 млрд теңге.
Сонымен қатар, мемлекеттік қарыздың өсуінің негізгі факторы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі борышы болды (нақты салмағы - 39,5%). Жыл ішінде ол 30,9%-ға, 4,4-тен 5,7 трлн теңгеге дейін өсті. Ал сыртқы борыш өзгеріссіз қалды - небәрі 0,1%-ға, 5 млрд теңгеге арты.
Соңғы 5 жылда мемлекеттік қарыз 3,7 есе (10,8 трлн теңге) 4-тен 14,8 трлн теңгеге дейін өсті.
2018 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік бюджеттен берешекке қызмет көрсету үшін 156,7 млрд теңге бөлінді. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артық - 129,5 млрд теңге.
Бұл ретте барлық бағыттар бойынша мемлекеттік бюджеттің жалпы шығындары 2,4 трлн теңгені құрады (жыл ішінде өсім 13,5%). Берешекке қызмет көрсету бойынша шығыстардың үлесі 6,5%-ды құрады (өткен жылы 6,1%).
Соңғы 5 жылда мемлекеттік қарызға қызмет көрсету құны қарыздың өзінің соңынан 3,5 есе (328,4 млрд теңге), 130,5-тен 458,9 млрд теңгеге дейін өсті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024