Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - Сәуір айының қорытындысы бойынша шаш қию қазақстандық ерлерге 1152 теңгеден (бұрынғы көрсеткіштен 7%-ға көп), ал әйелдерге 1656 теңгеден (өткен жылға қарағанда 5% қымбаттады) айналды, деп хабарлады energyprom.kz.
Елдің ірі қалалары мен мегаполистерінің тұрғындары арасында ең қымбат шаштараз Алматыда: әйелдердің сәнді шаш қиюы 4086 теңге,(бір жылда 14,4%), ерлердікі 2612 теңге (бір жылда 17,6%).
Сондай-ақ, Қазақстандағы бағасы орташа деңгейден айтарлықтай қымбат сұлулық салондары Астана қаласында: 3717 теңге әйелдер үшін (бір жылда + 6,1%), ерлерге арналған қызметтерге 1914 теңге (+ 17,8%) жұмсалады.
Бір айда, наурыздан сәуір айына дейін шаштараз және сұлулық салондары, сондай-ақ маникюр қызметі 0,1%-ға қымбаттады.
Бір жыл ішінде салондағы бағалар 7,1%-ға, тырнақ шеберлерінің бағасы - 6,6%-ға өсті.
Айта кетейік, 2017 жылы шаштараздар мен сұлулық салондары клиенттерге 24,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға артық. Олардың ішінде халықтың есебінен қызмет көрсету 23,8 млрд теңгені құрады. 2016 жылғы көрсеткіштен 12,3%-ға артық.