Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - Ағымдағы және болашақтағы биткоин майнинг саласындағы өңдеулер 2019 жылдың соңына дейін монета құнының өсуінің негізгі факторы болады, деп санайды Fundstrat Global Advisors сараптамалық компанияның сарапшысы. Алғашқы криптовалютаны дамыту туралы есеп агенттіктің негізін қалаушы және Wall Street сарапшысы Том Лидің ресми Twitter-дегі парақшасында жарияланды, деп жазады РБК.
Ұйым сарапшыларының пікірінше, биткоин құнының майнерлердің шығындарына қатынасы - курстың сенімді ұзақ мерзімді қолдау деңгейі болып есептеледі. Электр энергиясына тарифтердің өсуі бірте-бірте бәсеңдейді, ал майнингке арналған жабдықтар дамып, әрі тиімдірек бола бастайды. Fundstrat сарапшыларының пікірінше, бұл тұтастай алғанда салаға оң әсер етеді.
Олар бірінші криптовалютаның құны 36 мың доллар деңгейінде бекітілетініне сенімді. Ол, сондай-ақ келесі 18 айдағы оқиғаларға байланысты 20 мыңнан 64 мың долларға дейін болуы мүмкін.
Бұрын Том Ли биткоиннің бағасы мамыр айының ортасында, Нью-Йорктегі Consensus 2018 криптовалюталық конференциясы өткеннен кейін күрт көтерілетінін мәлімдеді. Сарапшы 2018 жылдың соңына дейін монетаның құны 25 мың долларға жетеді деп есептейді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024