Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Салық түсімін 25 пайызға арттыру керек - Бақыт Сұлтанов

Салық түсімін 25 пайызға арттыру керек - Бақыт Сұлтанов

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанда көлеңкелі экономиканы қысқарту арқылы салық түсімін барынша арттыру жоспарланып отыр.

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ақпарат алмасу саласындағы ақпараттық теxнологиялардың арқасында жұмысты жеңілдетіп қана қоймай, салық түсімін де айтарлықтай арттыруға болады.

«Бүгінде біз арнайы жобалық кеңсені құрдық. Оның негізгі мақсаты - салық жинау көлемін арттыру. Аталған жұмыс көлеңкелі экономиканы қысқарту арқылы жүргізіледі. Осылайша, 2025 жылға дейін салық түсімін 15 проценттен 25 процентке дейін арттырамыз деген жоспар бар. Бұның барлығы әкімшілік жүктемені төмендетумен қатар атқарылады. Себебі, жаңа ақпараттық теxнологиялар, көлеңкелі экономиканы қысқартудың тың тәсілдері енгізілетін болады», - деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, 2017 жылы елімізде салық және кеден саласындағы тексерістер 45 процентке төмендеген болатын. Аталған жұмыс ары қарай жалғасатын болады.

Айта кетейік, бүгін "Әріптестік: кеден, салық пен бизнес" тақырыбында xалықаралық форум басталды. Негізгі мақсат - "Бір белдеу - бір жол" бастамасы аясында салық саясатын бір жүйеге келтіру.

«Аталған бастаманың тиімділігі қандай? Әрбір мемлекет одан қандай пайда таба алады? Міне, біз осы мәселелерді талқылау үшін жиналып отырмыз. Форумға 22 мемлекеттің өкілі келді», - деп атап көрсетті Б.Сұлтанов.

Похожие материалы