Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды TASS агенттігі.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев көшбасшыларды Қара теңіз және Каспий теңіздері арасында канал салу жобасын талқылауға шақырды.
«Келешегі бар жоба - «Қара және Каспий теңіздерін су жолдары арқылы байланыстыратын «Еуразия» кеме қатынасы арнасының құрылысы», - деді ол кездесуде.
Бұдан басқа, Қазақстан Президенті кешенді геоэкономикалық жағдайларды ескере отырып, ЕАЭО елдерінің экономикаларын ілгерілету жөніндегі бірқатар шаралар әзірлеу үшін арнайы үкіметаралық жұмыс тобын құруды ұсынды.
«Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтылық пен даму қорының рөлін біздің қауымдастығымыздың қызметінде арттыру маңызды және олар ірі жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуы керек», - деді ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024