Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - Ішкі істер министрлігі «Qazaq Banki» АҚ акционері Бақыт Ибрагимнің ұсталғанын растады.
«Ибрагим Бақыт Жасұзақұлы 23 сәуірде Германия аумағында ұсталды», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
2018 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан қор биржасында жарияланған «Qazaq Banki» АҚ акционерлері туралы мәліметтерге сәйкес Бақыт Ибрагим банктің 10,55%-дық үлесіне (4 149 204 қарапайым акция) ие.
Еске салайық, Президент Н.Назарбаевтың банктер, оның iшiнде «Qazaq Banki» АҚ жағдай туралы пікір білдірген еді. Бұдан кейін бiрқатар операциялар бойынша банк қызметiнде шектеулер байқалды. Артынша Ұлттық банк 3 ай ішінде жеке тұлғалардан депозит қабылдауға тыйым салды. Бірнеше күн бұрын осы банктегі жағдайға қатысы бар деген күдікпен Мәскеуде бизнесмен Жомарт Ертаев ұсталды.