Экономика
Қазақстан алдағы жоспарларын лайықты деңгейде іске асыруға қауқарлы - Назарбаев
Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан өзінің алдағы жоспарларын лайықты деңгейде іске асыруға қауқарлы. Бұл туралы Global Challenges Summit 2018 форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Мен өз сөзімде қазіргі атқарып жатқан жұмыстарымыз жайында, сондай-ақ Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қалай дамығанымыз турасында атап өттім. Кеңес Одағында 15 республика болды, соның арасында Қазақстан 12-13-інші орындардың бірінде еді. Ресейден кейін екінші орында Украина тұрды. Алайда, бүгінде экономика, даму қарқыны бойынша екінші орында Қазақстан тұрғырланды. Әрине, тиісті қиындықтар да бар», - деп тоқталды Елбасы.
Мемлекет басшысы шикізаттық ресурстардан өзгеше баламалы индустрияны құру бойынша жұмыстар, жастарды оқытуға негізделген ұмтылыс, осыған сәйкес ЖОО-ларды құру бойынша талпыныстың барлығы бүгінгі қарқынды дамуға дайындық болғанын атап өтті.