Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан компьютерлік ойындардан 164 млн доллар табыс тапты

Қазақстан компьютерлік ойындардан 164 млн доллар табыс тапты

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан компьютерлік және бейне ойындардан түсетін табыс бойынша рейтингте 46-орынға ие, деп хабарлайды LS.

Newzoo Global Games Market Report-қа сәйкес, кірістер әр елдегі тұтынушылық шығынды қамтиды және құмар ойындарды алынып тасталынады.

Агенттіктің хабарлауынша, 2017 жылы Қазақстан компьютерлік ойындардан 164 млн доллар табыс тапқан. Сонымен бірге, интернеттегі халық саны 14 млн-ға жуық адамды құрады.

Сонымен қатар, көршілес Ресей мемлекеті рейтингте 1,5 млрд доллар табысымен 11-орынды иеленд. 2017 жылы Өзбекстан 72 млн доллар табыс тауып, 68-орынға ие болды. Агенттіктің мәліметіне сәйкес, IT секторының өсуіне қарамастан ойын кірістерінен Беларусь небәрі 73 млн доллар табыс көрді (66 орын).

Рейтингтегі алғашқы үштікке Қытай (32,5 млрд доллар), АҚШ (25,4 млрд доллар), Жапония (14 млрд доллар орналасты). Ал 100 елдің ішінде соңғы орында Кипр (15 млн доллар), Исландия (16 млн доллар) және Камбоджа (17 млн доллар) елдері тұрақтады.

Похожие материалы