Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы 6 Қазақстан-Қытай инвестициялық жобасын іске қосу жоспарланып отыр

2018 жылы 6 Қазақстан-Қытай инвестициялық жобасын іске қосу жоспарланып отыр

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуінде Қазақстан-Қытай бірлескен инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы айтты.

Министрдің айтуынша, Қазақстан және ҚХР Мемлекет басшыларының бастамаларының нәтижесінде екі елдің ынтымақтастығы жан-жақты статегиялық әріптестікке айналды.

«Бірлескен жобалар Қазақстанның барлық аймағында жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта жалпы құны 7 млрд доллар болатын 11 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылы соның 6 жобасы іске қосылады. Бұл жобалар инфрақұрылым, құрылыс, АӨК, ТМК, машина жасау және химия өнеркәсібі салалары бойынша іске асырылады. Бұл жобалар ойдағыдай іске асатын болса қазақстандықтар үшін ондаған мың жұмыс орны ашылады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Бірлескен қазақстан-қытай инвестиялық жобаларының тізімінде жалпы құны 27,7 млрд долларды құрайтын 51 жоба бар. Қазіргі кезде Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында машина жасау, мұнай өндеу, химия, тамақ өнеркәсібі және логистика салалары бойынша 143 млн доллардың 4 жобасы іске асты.

Экономиканың басым секторларына инвесторларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың аясында министрлік 2018-2020 жылдарға арналған тұрақты және ағымдағы инвестициялық жобалардың портфелін құрды, оның ішінде шетелдіктердің қатысуымен 140 жоба (43,8 млрд доллар) еніп отыр.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет экономиканы инвестициялауды ынталандырудың жаңа тәсілдерін әзірледі.  Ол Ұлттық инвестициялық стратегияға бекітілді.

Похожие материалы