Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Бакуде Әзербайжандағы Қазақстан Елшілігінің және «AZPROMO» Әзербайжан экспорт және инвестициялар тарту қорының қолдауымен қазақстандық тауар белгілерін дамыту бойынша Қазақстан-Әзербайжан бизнес-форумы өтті.
Іс-шараға Қазақстан мен Әзербайжанның машина жасау, құрылыс, электр энергиясы, теміржол, жиһаз және тамақ өндірісі салаларынан 50 кәсіпкер қатысты. AZPROMO президенті Руфат Маммадов бизнес-форумды аша отырып, Қазақстан мен Әзербайжанды бауырластық пен достастықтың, саяси деңгейдегі тығыз қарым-қатынастың байланыстырып тұрғандығын айтты.
Сондай-ақ, ол қазіргі өзара сауда айналымы мен инвестиция көлемінің жоғары деңгейде екендігін атап өтіп, осы шараның өзара тиімді сауда байланысын қалыптастыратынына сенім білдірді.
Әзербайжандағы Қазақстан Елшісі Бейбіт Исабаев Әзербайжанның Кавказ өңіріндегі Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі екендігін айтты. Спикер екі мемлекет басшысының 2020 жылға дейін өзара сауда айналымын 2-2,5 есеге өсіріп, өнімдер санын арттыру міндетін қойғандығын еске салды.
Іс-шара барысында «KazakhExport» және «AZPROMO» компаниялары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сондай-ақ, екі ел кәсіпкерлерінің B2B кездесуі өтті. Қазақстан делегациясының Бакуге сапары аясында қазақстандық компаниялар Әзербайжанның энергетика министрлігі, көлік басқармасы, «Әзербайжан темір жолы» ААҚ, AZPROMO, АзериЫшыг, BakuBus өкілдерімен кездесуі өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024