Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бір жыл ішінде импорт көлемі 20 пайызға артты

Бір жыл ішінде импорт көлемі 20 пайызға артты

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша бір жыл ішінде импорт көлемі 20%-ға өсті, деп хабарлайды energyprom.kz.

Қазақстан Республикасының импорт көлемі 2018 жылдың бірінші тоқсанында 7,3 млрддолларға жетті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 19,4%-ға артық.

Қазақстан Республикасындағы жеткізілімдердің ең үлкен көлемі ТМД елдерінен (43,9%), атап айтқанда, ЕАЭО бойынша серіктес елдерден (39,4%) келеді.

Қазақстанға импорттаушы елдер арасында еліміздің нарықтарына өнімнің негізгі жеткізушісі Ресей болып есептеледі. Оған жалпы импорттың 37%-ы тиесілі.

Сондай-ақ, негізгі импорттаушы елдер қатарына Қытай (15,7%), АҚШ (8,1%) және ЕО елдері - Германия (6,2%) мен Италия (3,2%) кіреді.

Қазақстан Республикасындағы ең маңызды тауарлы топтар: машиналар мен жабдықтар (жалпы импорттың 38,1%-ы), химия өнімдері (15,4%), агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі өнімдері (11,1%) болып табылады.

Импорттың негізгі айқындамасы мұнай өнімдері (шикі емес) болып табылады  - импортталған өнімдердің 4,3%, баспа өнімдері - 2,9%, дәрі-дәрмектер - 2,8% және телефондар - 2,6%.

Похожие материалы