Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - ҚР ИДМ Көлік комитеті маусым айының 1-і мен тамыз айының 31-і аралығында су көлігін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Скутер» республикалық акциясын өткізеді. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі хабарлады.
Іс-шара барысында шағын көлемді кемелердің тіркелуі, құтқару құралдарының болуы мен экипаж мүшелерінің құзыреті тексеріледі.
Тексерістермен қатар Комитеттің аймақтық органдары кеме иелерімен, шағын көлемді кемелер тұрақтарының және демалыс аймақтарының иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Оларға шағын көлемді флотты қауіпсіз пайдалануды реттейтін заңнама талаптары түсіндіріледі.
2017 жылы өткізілген шараның қорытындылары бойынша Комитет қызметкерлері 5,6 мың шағын көлемді кемелерді тексерген. Нәтижесінде 744 әкімшілік заң бұзушылық анықталды. Солардың ішінде кемені жеке құтқару құралдарынсыз басқару және кеме құжаттарының болмауы сияқты заң бұзушылықтар жиі кездескен.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024