Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - Reddit ойын-сауық платформасы АҚШ-тағы ең танымал сайттар тізімінде Facebook әлеуметтік желісін басып озды. Бұл ақпарат Amazon-ға тиесілі Alexa компаниясының рейтингісіне сүйеніп жасалды.
Берілген деректерге сәйкес, Reddit Facebook-ты төртінші орынға түсірді. Бесінші орынға Amazon орнықты. Орташа алғанда, пайдаланушылар Reddit-ке 15 минуттан артық уақыт жұмсайды, ал Facebook-та 11 минут, Amazon-да - жеті жарым минут жұмсайды, деп хабарлайды РИА Новости.
Алғашқы екі орынды Google және оған тиесілі YouTube видеохостингі иеленді. Осы екі сайттың әрқайсысына пайдаланушылар орташа алғанда күніне жеті-сегіз минут жұмсайды.
Айта кетерлігі, Alexa рейтингі ай сайынғы трафиктің талдауы негізінде, күніне қаралған беттердің және орташа келушілер санын есепке ала отырып жасалады.
Дегенмен, әлемдік рейтингте Reddit алтыншы орында, ал Facebook үшінші орында тұр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024