Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев, Үкімет «Сарыарқа» газ құбырының бірінші кезегінің құрылысының қаржыландыру көздерін анықтағанын айтты, деп хабарлады LS.
«Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Досаев бұл қаражатты Еуразиялық даму банкінен және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Құбырдың бірінші кезегінің қаржыландыру схемалары әзірленді. Жобалық компания ретінде «ҚазТрансГаз» АҚ-тың еншілес компаниясы анықталды. Ол - «Астана Газ» ҚМГ. Жобалық компанияның қатысушылары ретінде 50-де 50 үлесінде «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» холдингі қатысады.
Құбырдың бірінші кезегінің құрылысын 2019 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда. Алдын ала есептелген құны 267 млрд теңгеге бағаланды.
«Қазақстанның Даму Банкіне несие беру арқылы 102 млрд теңге көлемінде қарыз алу жоспарланып отыр. Алғаш рет Еуразиялық даму банкі инфрақұрылымдық жобаны қаржыландырады, ал қалған 85 млрд теңге БЖЗҚ немесе халықаралық қаржы ұйымдарын инвестициялау арқылы тартылатын болады», - деп түсіндірді вице-премьер.
Сонымен бірге, бірінші кезеңнің жалпы құнынан жоба қатысушыларының қаражаты 80 млрд теңгеден артық қаражатты құрайды.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024