Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 3 трлн теңгеден астам салық жиналды

Қазақстанда 3 трлн теңгеден астам салық жиналды

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-мамыр аралығында республикалық бюджеттің кірісі 3,3 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды LS.

2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда (шамамен 2,9 трлн теңге) салық пен төлемдер көлемі 10,5%-ға артты.

Салықтардың ең көп сомасы Алматы қаласында болды. Мегаполисте 814,2 млрд теңге салық жиналды.

Салық көлемі бойынша екінші орынды Атырау облысы алды. Ол республикалық бюджетке 482,7 млрд теңге бөлді.

Алғашқы үштікті Астана жабады. Астанадан 421,2 млрд теңге салық жиналды.

Сонымен қатар, Қарағанды облысындағы салық түсімі 203,6 млрд теңгені, Маңғыстау облысында 160,9 млрд теңге, Ақтөбе облысында 171,4 млрд теңге, Алматы облысында 143,5 млрд теңге, Оңтүстік Қазақстан облысында 129 млрд теңгені құрады.

Шығыс Қазақстан облысында 127,8 млрд теңге, БҚО-да 112,7 млрд теңге, Павлодар облысында 127,3 млрд теңге, Қостанай облысында 69,6 млрд теңге, Ақмола облысында 67,5 млрд теңге салық жиналды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында салық түсімі 55,6 млрд теңгені, Жамбыл облысында 36,5 млрд теңгені, СҚО-ында 35,2 млрд теңгені құрады.

Похожие материалы