Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сәуір айында Қазақстаннан шетелге 45,6 млрд жіберілді

Сәуір айында Қазақстаннан шетелге 45,6 млрд жіберілді

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - Қазақстандықтар Қытайға, Қырғызстанға және Түркияға өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп қаражат жіберген, деп хабарлайды Ranking.kz.

ҚР-дан Ресейге қаражат жіберетіндер бірінші орында тұр.  Сарапшылардың мәліметінше, сәуірде Қазақстаннан шетелге 45,6 млрд жіберілген. Бұл наурыз айымен салыстырғанда 9,5 пайызға көп. Ал 2017 жылмен салыстырғанда 36,6 пайызға көп.  Жалпы алғанда 2017 жылы шетелге 159 млрд теңге жіберілген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 36,5 пайызға көп.

Қаңтар-сәуір аралығында ең көбі Ресейге жіберілген - 69,6 млрд теңге (31,2 пайызға өскен), одан кейін Өзбекстанға - 19,5 млрд теңге (39,9 пайыз). Үштікті Түркия аяқтайды. Бұл елге 18,3 млрд теңге (өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп) жіберілді.

Похожие материалы