Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Данияр Ақышев Ресей Федерациясының Орталық банкімен келісім жасасты

Данияр Ақышев Ресей Федерациясының Орталық банкімен келісім жасасты

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz - 2018 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев пен Ресей Федерациясы Орталық банкінің төрағасы Эльвира Набиуллина Қаржы нарығын қадағалау саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы шартқа, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды.

Қаржы нарығын қадағалау саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы шарт реттеушілердің бақылау және қадағалау функцияларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы нарықтарының сенімділігі мен тұрақтылығын нығайтуға, сондай-ақ қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар, сақтандыру, банк қызметтері нарығында және микроқаржыландыру саласында сапалы қызметтер көрсетуі үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Шарт қаржы нарықтарының транспаренттілігін, сыйымдылығын және өтімділігін арттыруға, соның нәтижесінде олардың тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісім Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Ресей Федерациясының Орталық банкінің қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік пен киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша ынтымақтастықты орнатуға бағытталған. Осы келісімді іске асыру қаржы реттеушілеріне заманауи киберқауіптерге қарсы іс-қимыл жасау саласында тұрақты байланыстар орнату, ақпаратты жинау, өңдеу және алмасу арқылы тиімді өзара іс-әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Похожие материалы