Алматы. 12 маусым. 7kun.kz - Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, мұнай және конденсат өндіру көлемі 37,7 млн тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,4% өсім көрсетті.
Сонымен қатар, үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 22,7 млн тоннаны құрады: Қашағанда өндіру көлемі 5 млн тоннаны, Теңізде — 12,5 млн тоннаны және Қарашығанақта — 5,2 млн тоннаны құрады.
Экспортқа 30,6 млн тонна немесе 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 105,7% бағытталды. 6,3 млн тонна мұнай өңделді. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,2% пайыз өсім көрсетті.
«Үш МӨЗ мұнай өнімдерін өндіру көлемі 4,4 млн тоннаны немесе 2017 жылғы осы кезеңге шаққанда 1,5% өсімді құрады. Жалпы, мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты және ЖЖМ тапшылығы орын алуы байқалмайды», — деп нақтылады М. Досмұхамбетов.
Көктемгі егіс жұмыстары үшін дизель отынын жеткізудің бекітілген кестесі аясында Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысына сәйкес сұраныс толық қанағаттандырылды.
Биылғы 5 ай ішінде 23,4 млрд м3 газ өндірілді, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 6,4% құрады. Газ экспорты 8,6 млрд м3 құрады, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,4% артық. 1,3 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді, бұл өткен жылғы деңгейден 4,7% артық.
Энергетика министрлігінің мәліметтері бойынша, 46,4 млрд кВт⋅с электр энергиясы өндірілді, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,7% артық. Көмір өндіру көлемі (көмір концентратын ескерусіз) 44,5 млн тоннаны құрады немесе өткен жылғы деңгейден 4,5% артық болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024