«Қазақтелеком» АҚ мен Kcell арасындағы мәміле мәселесі маусым айының соңында жабылады
Алматы. 15 маусым. 7kun.kz - Келесі екі аптада «Қазақтелеком» АҚ-ның Kcell акциясын сатып алу туралы монополияға қарсы органның ұстанымы белгілі болады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды LS тілшісі.
Сүлейменовтың айтуынша, келіссөздер барысында кейбір қиындықтар туындауда, бірақ маусым айының соңына дейін ықтимал мәміле туралы мәселені жабу жоспарланып отыр.
«Бізде «Қазақтелеком» АҚ-ның Kcell-ді сатып алу туралы өтінішіне қатысты шешімі жоқ. Ол техникалық мәселе. Бұл орайда ақпарат және байланыс министрлігі ең маңызды болып табылады. Біз олармен тығыз жұмыс істейміз. Өйткені бұл нарық үшін жиіліктердің болуы бәсекеге қабілеттіліктің іргелі факторы болып саналады. Қазір біз сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деп түсіндірді министр.
Ол осы мәселе бойынша әлі де бірқатар келіссөздер жүргізілетінін айтты.
«Түсінікті болу үшін, біз бұл мәмілені созып жатқанымыз жоқ. Өйткені, бұл процеске қатысатын коммерциялық тараптардың өздері әлі келіспей отыр. Сондықтан олар толық келіскенде, біз шешім қабылдаймыз. Біз бұны екі апта ішінде жасауды жоспарлап отырмыз. Сосын келісіп, келіспейтініміз туралы шешім қабылдаймыз», - деді Сүлейменов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024