Алматы. 18 маусым. 7kun.kz - 2018 жылдың бірінші тоқсанында бір қазақстандықтың орташа шығыны 148,3 мың теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға көп. Ол уақытта шығын көлемі 133 мың теңгені құраған болатын, деп хабарлады Finprom.kz.
Жан басына шаққандағы орташа шығындардың ең жоғары деңгейі Алматы мен Астана қалаларында байқалды. Алматыда 218 мың теңге және Астанада 184,7 мың теңге болды. Сондай-ақ, Қарағанды облысының тұрғындары орташа есеппен 182,6 мың теңге жұмсайды.
Сонымен бірге, халықтың жан басына шаққандағы шығындардың ең көп өсуі СҚО-ында тіркелді. Онда шығындар көлемі 131,3 пайыздан 156,3 мың теңгеге дейін, 19,3%-ға артты. Сондай-ақ, Қарағанды және Жамбыл облыстарында шығындар 17,8% және 17,5%-ға ұлғайды.
Халықтың негізгі шығыстары азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтерге кететін шығындардан тұрады. 2018 жылдың бірінші тоқсанында тұтыну шығыстарының жиынтық үлесі 93,2%-ды немесе 138,2 мың теңгені құрады.
Екінші маңызды шығындардың бірі – қарыз бен несиелерді төлеу. Ол барлық шығынның (1-тоқсан 2017 - 5,5 мың теңге) 4,2%-ын (6,2 мың теңге) құрайды. Қазақстандықтар ең аз соманы туыстарына, таныстарына, алименттер мен салықтарға, төлемдерге жұмсайды. Ол барлық шығынның 2,6%-ын немесе 3,9 мың теңгені құрайды. (2017 жылдың I тоқсанында - 4,3 мың теңге).
Бір жыл ішінде ең көп өскен ол- тұтыну шығыстары (12,2%, 15 мың теңге), сондай-ақ несие және қарызды өтеу бойынша шығындар (12,1%, 671 теңге).
Ұзақ мерзімді динамикада жан басына шаққандағы орташа шығындар жылына 4-10%-ға өсті. Соңғы 5 жылда қазақстандықтардың шығыны 168,4 мың теңгеге артты. (44%). Ал 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 48,8 мың теңгені немесе 9,7% құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024