Экономика
2018 жылдың бірінші тоқсанында ЖІӨ 104,1% құрады
Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – 2018 жылғы 1 тоқсандағы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) (есепті деректер бойынша) өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,1% құрады, деп хабарлайды Статистика комитеті.
ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 36,8%, қызметтер – 55,8% құрайды.
ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.
ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.