Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық жүргізуді қарастыратын заң күшіне енді, ал 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап бересі сомасы төленген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару ережелері қолданысқа енгізілді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
2019 жылдың 15 ақпанына 29 278 салық төлеуші бюджетке 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 6 млрд теңге құрайтын негізгі қарызын төлеген.
Бұл салық төлеушілер бойынша 1,1 млрд теңге өсімпұл және 200,0 млн.теңге айыппұл есептен шығарылатын болады.
Бүгінгі күні 968 салық төлеуші бойынша 20,4 млн теңге сомасында өсімпұлдар есептен шығарылды.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енгені белгілі. Ал 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енген болатын.
Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 340,6 млрд теңге салық берешегі бар 90 077 шағын және орта бизнес субъектілері (31 210 заңды тұлғалар және 58 867 дара кәсіпкерлер) рахымшылыққа жататынын естеріңізге саламыз.
Бұл ретте, шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылады. Оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілерге қатысты рахымшылық қолданудың тәртібі басқаша.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта негізгі қарызын төлеген жағдайда еесптелген өсімпұлды есептен шығару жолымен жеке тұлғалар үшін салық рахымшылығын өткізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, мемлекеттік кірістер органдарымен ҚР заңнамалық актілеріне түзетулер әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге жіберілген болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024