Алматы. 19 қараша. 7kun.kz — Өткен аптада ЦентрКредит Банкінің қағаздарының бағасы ең көп өсімді көрсетті.
Қазақстан қор биржасында (KASE) 9 қараша мен 16 қараша аралығында фининституттың баға белгіленімі 10,41% - ға өсті. Олардың құны 258,46 теңге белгісінде бекітілді.
Сондай-ақ, "Қазақтелекомның" (+4,06%) және "ҚазТрансОйл" (+3,30%) қағаздарының да бағасы өсті. Акциялардың бағасы 29 350 теңгені және 1 341,86 теңгені құрады.
«KEGOC» АҚ-ның акциялары 1540 теңгеге (+ 1,24%) және Халық банкі - 104 теңгеге (+ 1.01%) жетті.
Сонымен қатар, қызыл аймаққа KAZ Minerals қағаздары түсті. Олардың құны 0,03% - ға төмендеп, 2 524 теңгені құрады. Одан кейін Kcell қағаздары 0,005% - ға (1682,90 теңге) төмендеді.
Жалпы KASE Индексінің мәні 2,43% - ға өсіп, 2 248,02 пункт белгісінде бекітілді.
Акциялар | 16.11.2018 | 09.11.2018 | Өзгеріс |
Банк ЦентрКредит | 258,46 | 234,08 | +10,41 |
KAZ Minerals | 2 524 | 2 525 | -0,03 |
Халық банк | 105,06 | 104 | +1,01 |
Kcell | 1 682,90 | 1 683 | -0,005 |
KEGOC | 1 540 | 1 521,09 | +1,24 |
Қазақтелеком | 29 350 | 28 204,01 | +4,06 |
ҚазТрансОйл | 1 341,86 | 1 298,99 | +3,30 |
KASE индексі | 2 248,02 | 2 194,61 | +2,43 |