Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

А.Есімов: жарты жылды экономикалық өсіммен аяқтадық

А.Есімов: жарты жылды экономикалық өсіммен аяқтадық
Алматы қаласы 2015 жылдың  жарты жылын экономикалық өсіммен аяқтады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысына арналған жиында айтты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Өткен 6 айда Алматының өнеркәсіп саласында 311,8 млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Бұл өткен жылғы жартыжылдықпен салыстырғанда 4,3 пайызға жоғары. Тұтынушылық несиелендіру де ұлғайған.  Екінші дәрежедегі банктер экономика секторларын 2 280,2 млрд. теңгеге несиелендірген.  Өсім өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға артық. Сондай-ақ, 766,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бюджетті орындау 99,9 пайызды құраған. Заңдастыру науқаны бойынша жыл басынан бері барлығы 71 млрд. 313 млн. теңгеге 4763 нысан заңдастырылған. Әкім жиында келесі жылы жағдайдың күрделі болуы мүмкіндігін ескретіп, бюджет қаржысын тиімді жұмсап, ішкі резервтерді іздестіруді жалғастыру қажеттігін айтты.

Похожие материалы