Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков еркін теңге бағамы ауыл шаруашылық секторына оң әсерін береді деп есептейді.
"Мұның әсерін оң деп айтуға болады. Өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігі артады. Біз үшін ресейлік нарыққа экспорттай алуымыз және бізге келетін импорттың өзара пропорцияда артықшылыққа ие болмауы маңызды. Бәсекелестік тең шарттарда жүруі қажет", - деді ол. Ал ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Абылай Мырзахметов жай ғана экономикалық заңдылықтарды сақтау қажет деп есептейді. "Экономиканың өз заңдары бар. Егер сіздің шекараңыз ашық, экономикаңыз эспортқа бағытталған, бірақ экспортты бағалар төмендеп жатса, сіз табыс таба алмайсыз. Көрші сауда әріптесіңіз курс айырмашылығына байланысты сізден екі есе артық табыс табатын болады. Сіздің шекараңызды жабуға, субсидиялауға немесе өз валютаңызды құнсыздандыруға тура келеді. Біз мұндай шешім қабылдауды ұзаққа созып алдық деп айтуға болады", - деді А.Мырзахметов теңге курсының өзгерісі туралы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024