Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Гонконгқа жұмыс сапары кезінде Ақмола облысы әкімі Мәлік Мырзалин Қытайдың ішкі сауда кеңесінің вице-президенті Дэвид Чоу мырзамен және инвестициялық бағыттағы компания тобының басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында бидай сабанынан қағаз, сұйық органикалық тыңайтқыш, биогазды және басқа да өнімді кешенді түрде өндіретін жоғары технологиялық зауыт жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды.
«Зауыт 15 мың тонна биомасса, 34 мың тонна қағаз, 45 мың тонна биожанар-жағармай, 11 млн шаршы метр биогаз, 2 млн сұйық органикалық тыңайтқыш өндіретін болады. Бұл қуат жергілікті ауылшаруашылығы саласының қажеттілігіне толықтай жетеді. Инвестиция көлемі шамамен 300 млн доллар болады. Сондай-ақ, өндіріс орны қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Сонымен қатар, тұтастай автоматтандырылған жобаны әске асыру арқылы 600 қазақстандықты тұрақты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік аламыз»,- деді Мәлік Мырзалин.
Ақмола облысының делегациясы сапары барысында Гонконгтың сауда қарым-қатынас миссиясы басшылығымен, Қытайдың оңтүстік провинциясының бизнес-қауымдастық өкілдерімен бірнеше кездесу өткізді.
Қытайлықтар «Көкшетауминералдысу» АҚ өнімі «TURAN» табиғи су өніміне қызығушылық танытты.
Кездесу соңында оңтүістік провинция Гуандунда 100 млн тұтынушынысы бар қытайлық компаниялар «TURAN» сауда брендінің серіктесі болуға ниет танытты. Сондай-ақ, тараптар маркетингктік зерттеулер жүргізіп, қазақстандық брендті одан әрі дамыту бағытында бірлесіп жұмыс істеу мақсатында өзара келісімге келді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024