2015 жылы әлемдік нарықта никель тапшылығы шамамен 5 мың тоннаны құрайды деп мәлімдеді Sumitomo Metal директоры Акира Нозаки.
Оның болжамы бойынша, LME-де металл 1 сәуір күнінен басталған қаржы жылының қорытындысы бойынша, орта есеппен тоннасына 14330 доллар тұратын болады. Мыс үшін балама болжам былайша жасалып отыр: тоннасына 6000 доллар. Осы ретте компания басшысы Қытай тарапынан сұраныстың азайып келе жатқанын айта кетті. Жапония көлемі бойынша әлемде мыс өндіруден екінші орынды алып тұр. Сейсенбі күні болған Comex нью-йорк биржасындағы сауда барысында мысқа деген маусымдағы келісім-шарттар 1,1 пайызға қымбаттап, бір фунт үшін 2,9355 доллар болды. Бұл көрсеткіш ай басталғалы маскимал өсімді көрсетіп отыр. LME-де никель 1,3 пайызға төмендеп, бір тоннаға 14090 доллар болды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024