Ақорда ең әдемі президент сарайлары рейтингінде үшінші орында тұр. Бұл туралы Theestle халықаралық туристік порталы хабарлайды. Еліміздің бас ғимараты ресейлік Кремльден үш орын алда тұр.
Президент сарайы Қазақстан басшысы мен оның әкімшілігінің ресми жұмыс орны. Ол Астана қаласында орналасқан. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м. Рейтингке БАӘ, Тәжікстан, Түрікменстан, Тайвань, Камерун және т.б елдердің бас сарайлары кірген. Бірінші орында - АҚШ-тағы Ақ үй тұр. Кремль - алтыншы орынға табан тіреді. Аталған тізімді Ганадағы сарай аяқтап отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024