Төлем карталарының нарығы физикалық қанығу фазасына енді. Ақпан айында карталардың саны 239 мыңға қысқарса, қаңтар айында 200 мыңға азайды. Қазақстанда айналымға шығарылған банк карталарының жалпы саны 16,8 миллион болды деп хабарлайды Ranking.kz.
2014 жылдың қаңтары мен 2015 жылдың ақпаны аралығында карталардың айлық орташа өсімі 0,1% деңгейінде болды. Салыстыру үшін айта кетелік, 2013 жылы бұл көрсеткіш 2,6%-ды қамтыған-тын. Нарық әлеуметтік жобалар есебінен өсті: төлем карталарына зейнетақыны, жәрдемақы мен шәкіртақыны аудару.
2014 жыл мен 2015 жылдың ақпан айларының аралығында белсенді карталардың жалпы саны тек 0,9%-ға, 6,6 млн бірлікке дейін өсті. Ал 2013 жыл мен 2014 жылдың ақпан айларының аралығында өсім 16% болған еді.
Mastercard және Visa ғаламдық төлем жүйелеріне Қазақстанда айналымда жүрген барлық белсенді карталардың 89,4%-ы тиесілі. Бұл ретте Mastercard үлесі 13,3%-дан 14,9%-ға дейін өскен, ал Visa нарықтың 4,6%-ын жоғалтып отыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024